Көп табыс табу үшін Қазақстанның қай өңірінде тұру керек?
Көп табыс табу үшін Қазақстанның қай өңірінде тұру керек?
Фото: Асқар Ахметуллин
1,384
оқылды

Биыл бірінші тоқсандағы халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы 196,5 мың теңге болды. Былтыр осы кезеңдегі табыспен салыстырғанда халықтың табысы 10,8% өскен. Aikyn.kz Қазақстан өңірлеріндегі халықтың орташа табысы қанша екенін анықтады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елде ең көп табысты астаналықтар табады. 2021 жылдың бірінші тоқсанында жан басына шаққанда Нұр-Сұлтандағы орташа табыс 275,9 мың теңге болды. Екінші орында Алматы – 246,8 мың теңге. Ал Қарағандыдағы орташа табыс Алматыдан сәл азғантай – 246 мың теңге. Ең аз табыс Түркістан облысының тұрғындарында тіркелді. Онда жан басына шаққандағы орташа табыс – 121,8 мың теңге. Оны Қазақстандағы орташа табыспен салыстырғанда 20%-ға аз. [caption id="attachment_146335" align="aligncenter" width="1152"]орташа табыс, Қазақстан Дереккөз: Ұлттық статистика бюросы[/caption] Биыл қалада тұратын халықтың орташа табысы 9,9% өсіп, 221,3 мың теңгеге жетсе, ауыл тұрғындарының орташа табысы 12,1% өсіп, 160,6 мың теңгеге дейін жеткен. Дегенмен