Air Astana-ның Черногорияға рейстерінде ПТР-тестінің анықтамасы міндетті болып қала береді
Air Astana-ның Черногорияға рейстерінде  ПТР-тестінің анықтамасы міндетті  болып қала береді
106
оқылды

Air Astana Черногория сани­тарлық талаптарын жеңілдеткеніне қара­мас­тан, Подгорицаға ұшар алдында жолаушылар теріс ПТР нәтижесі не­месе IgG анти­денелеріне оң нәтижесі бар анық­таманы немесе вакцинация төлқұжатын ұсынуы керек деп хабарлайды.

Бұл шешім корона­вирус инфекциясының алдын алу, сондай-ақ Air Astana жолаушылары мен экипаж мүшелерінің денсаулығын сақтау мақса­тында қабылданды.

Қазақстанға оралу үшін теріс нәти­жесі бар ПТР анықтамасы нәтиже шық­қан күннен бастап Қазақстан Респуб­ликасының шекарасынан өткен сәтке дейін 3 күн ішінде жарамды болып саналады. Әуекомпаниясы жолаушыларға санитарлық талаптарды сақтауға және ұшуға алдын ала дайындалуға кеңес береді және олар аталмыш құжаттарсыз ұшаққа қабылданбайды.

Қауіпсіздік Air Astana үшін тұрақты басымдық болып қала береді.