Облыста сот орындаушыларда жалпы берешек сомасы 400 миллион теңгеден асатын 6 мыңнан астам өндіріс бар.
Жеке сот орындаушылары палатасы төрағасының орынбасары Арман Құсановтың айтуынша, бүгінде өңірде істің 3807-сі уақытында орындалды. Ал 243-і проблемалық өндіріске жатады. Берешек сома – 400 055 336 теңге.
Алимент бойынша проблемалық істер саны былтырғы 771-ден биыл 243-ке дейін азайды.