Ақтауда бойжеткен үшінші қабаттан құлап кетті, — деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға бүгін таңертең 7-шағын аудандағы №3 үйде болған. Бойжеткен биіктен құлағаннан кейін аман қалған. Ол Маңғыстау облыстық ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды.
Оқиға орнында жедел-тергеу тобының қызметкерлері жұмыс істеді.
Аталған факті Ақтау қаласының полиция басқармасында тіркелді.