Ақтауда бойжеткен 3-қабаттан құлап кетті
Ақтауда бойжеткен 3-қабаттан құлап кетті
Ақтауда бойжеткен үшінші қабаттан құлап кетті, — деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Оқиға бүгін таңертең 7-шағын аудандағы №3 үйде болған. Бойжеткен биіктен құлағаннан кейін аман қалған. Ол Маңғыстау облыстық ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобының қызметкерлері жұмыс істеді. Аталған факті Ақтау қаласының полиция басқармасында тіркелді.