Адам саны 20-дан асатын барлық ұжым вакцина салдыруы тиіс – министрлік
Адам саны 20-дан асатын барлық ұжым вакцина салдыруы тиіс – министрлік
Адам саны 20-дан асатын барлық ұжым вакцина салдыруы тиіс немесе апта сайын ПТР-сынама тапсырады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова айтты.
"Ұйымдасқан ұжымдар туралы сөз қозғағанда, 20-дан аса қызметкері бар кез келген ұжымды айтамыз. Яғни, 20 адамнан асатын кез келген ұжымға медициналық қарсы көрсетілімі болмаса, міндетті түрде вакцинация жүргізу немесе әр апта сайын ПТР-сынама тапсыру талабы қойылады", – деді Есмағамбетова.
Оның айтуынша, жаңа талаптар Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қаулысына қол қойғаннан кейін күшіне енеді.
"Қазіргі таңда Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы әзірленіп жатыр. Оған қол қойылғаннан кейін бұл талаптар күшіне енеді", – деді Есмағамбетова.
Бұған дейін