Ақмолада жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен 4 қарағандылық тұрғын ұсталды
Ақмолада жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен 4 қарағандылық тұрғын ұсталды
154
оқылды
Ақмола облысында жаяу жүргіншіні қағып кеткен қарағандылықтар ұсталды. Маусымның 12-сінде Ақмола облысының Аршалы кенті аумағында «Екатеринбург-Алматы» тасжолының бойында жол-көлік оқиғасы болды. Полицейлер ВАЗ-2114 автокөлігінің белгісіз жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткенін анықтады. Жәбірленуші түрлі ауыр жарақат алып, көз жұмған. Көлік Қарағандыға қарай бет алған және ол бейнебақылау камераларына түскен. Тәртіп сақшылары Қостанайдан Қарағандыға автокөлік жеткізумен айналысатын Қарағандының төрт тұрғынын ұстады. Күдіктілер кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта олар тергеу әрекетін жүргізу үшін Ақмола облысы ПД қызметкерлеріне берілді.