Дәрігерлер науқастан көбірек ақша алу үшін қалай алдайды?
Дәрігерлер науқастан көбірек ақша алу үшін қалай алдайды?
228
оқылды
Кәсіби медицинадан алыс адамдар науқастарды күрделі медициналық терминдер немесе қорқынышты ықтимал диагноздар арқылы өте оңай алдап соғады, — деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Мұны көбірек ақша табуды көздейтін арам пиғылды дәрігерлер пайдаланады. Бұл туралы "Прайм" агенттігіне терапевт дәрігер, Checkme медициналық директоры Алевтина Федина айтты.
"Мұндай жағдай көбінесе жеке клиникаларда болады, өйткені мемлекеттік мекемелерде пациенттің қанша тексерістен өткені дәрігерлер үшін маңызды емес. Сонымен қатар егер бюджеттік сала дәрігерлері пациентті тексеру үшін жеткілікті дәлел келтірмесе, сақтандыру компаниясы оларға айыппұл салуы мүмкін. Ал жеке клиникаларда мұндай қулықты тек қана құптайды: ол жерде қосымша, бірақ мүлдем қажет емес ЭКГ-ге, маңызды емес, бірақ қосымша ақы төлеуге тура келетін анализдер тапсыруға жібереді", — деп түсіндірді дәрігер.
Оның айтуынша, егде жастағы адамдар мен ипохондриктер (ипохондрия ауруына шалдыққан адам — Sputnik) жиі "жем" болады. Алғашқысы бәріне сенеді, ал екіншісі өз күдігінің расталғанын қалайды, сондықтан қосымша тексерістерге қуана келіседі. Федина мұндай айла-тәсілге ұрынбау үшін мүдделі емес дәрігерден де кеңес алуды ұсынады.