Алматыда эпидемиологиялық жағдай өте күрделі. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алматы қаласында коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай өте күрделі. Жыл басынан 28 маусымға дейін 55101 жағдайы, маусым айында - 3889 жағдай тіркелді. Өткен аптада коронавирус аурушаңдығы 1,7 есе өсті (742-ден 1237-ге дейін), соңғы тәулікте 215 жағдайы тіркелді, тәуліктік өсім 0,2% - ды құрады»,- дейді Жандарбек Бекшин.
Оның айтуынша, Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдай контагиозды мутацияланған «дельта» штамының таралуына байланысты күрделене түсті, бұл ретте ПТР орташа тәуліктік оң нәтижелері осы жылғы 17 маусымнан бастап тәулігіне 114-тен 21 маусымнан бастап тәулігіне 188-ге дейін өсті.
«Вирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты біз мутацияланған штамдарға зерттеу жүргіздік. Нәтижесінде КВИ науқастарынан алынған 131 үлгінің 77 «альфа», британдық штамдар, 46 үлгіде «дельта», үнді штамдары анықталды. Сонымен қатар, екі «гамма», оңтүстік африка штамдары мен бір нью-йорк, «бетта» штамы тіркелді. Жалпы, эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі «альфа» штамының таралуынан, ал аурудың артуы Нұр-Сұлтан қаласы мен Ресейден әкелінген «дельта» штамының салдарынан», - деді Жандарбек Бекшин.