Күн сәулесі: қай уақытта пайдалы, қай кезде сақтану керек? Дәрігер жауап берді
Күн сәулесі: қай уақытта пайдалы, қай кезде сақтану керек? Дәрігер жауап берді
1,826
оқылды

Қазір Қазақстанның көп өңірінде аптап ыстық болып жатыр. Осы уақытта дерматологтар теріні Күн сәулесінен қорғауға кеңес берсе, терапевттер көп адамның ағзасына D дәрумені жетпейтінін және ол үшін Күн астында жүрудің пайдалы екенін айтады. Сонымен кімге сенген жөн? Күн сәулесі қай кезде пайдалы, одан қалай қорғауға болады? Бұл сұрақтарға терапевт Маржан Қонысбаева, терапевт[/caption] Терапевттің айтуынша, Күннен дәрумен алуға болатын ең қолайлы кез: сағат 9.00 - 12.00 аралығы мен 17.00-ден кейінгі уақыт.
"Осы аралықтарда адам ағзасына қажет дәрумендерді алуға болады. Мысалы, ультракүлгін сәулесінің әсерінен терінің беті қызарып, зат алмасу, түрлі минералдар алмасу процесі артады, D дәруменінің қажет мөлшерін алуға болады", - дейді маман.
Егер бұл ереже сақталмаса, яғни аталған уақыттан тыс кезде күн астында көп жүрсеңіз тері ауруларына шалдығуыңыз мүмкін. Мысалы есекжем, терінің қатерлі ісігі және тағы басқа. Ол үшін теріге күннен қорғайтын SPF крем жағып жүру қажет.
"Күннің астында 15-20 минуттан артық жүрген жағдайда Күнге күю белгісі пайда болады. Ұзақ жүрмесеңіз SPF 15 кремін, ал сағаттап жүрсеңіз 50 кремін жағыңыз", – дейді терапевт Маржан Қонысбаева.
SPF кремді қалай қолдану керек:
  • киім жаппай тұрған терінің барлық жеріне жағу қажет;
  • көп мөлшерде (дененің әр бөлігіне~ 1 шай қасық көлемінде: бет пен мойын, қол мен аяқ)
  • сыртқа шыққанға дейін 30 минут бұрын жаққан жөн, сол аралықта теріде қорғаныш қабаты түзілуі керек.
  • кремді 2 сағат сайын жаққан дұрыс, себебі екі сағатта кремнің тиімділігі азаяды.
Мedsupportkz қауымдастығының мәліметінше, Аустралияда SPF көмегімен тері қатерлі ісігінің саны азайған.