Атырауда әкесі мен баласы тапаншамен шабуыл жасаған қарақшыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 маусым күні сағат 19:30 шамасында 48 жастағы ер адам мен 25 жастағы ұлы “Дина” базарының қоймаларының бірінде болған. Әкесі көлікте отырған кезде машинаға бетперде таққан, қолында пневматикалық тапаншасы бар белгісіз адам келіп, оны қорқытып, ер адамнан ақша талап еткен. Болып жатқан жағдайды көрген жас жігіт әкесіне көмекке келді. Олар бірге қарақшының қаруын тартып алып, оны полиция келгенге дейін ұстап тұрған.
Тонау сәті бейнебақылау камерасының объективіне түсті.
Қазіргі уақытта 34 жастағы күдікті қамауда. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігі (Тонау) бойынша тергеу жүргізілуде.