Дүкен сөрелеріне темекіні шығарып қоюға тыйым салынды
Дүкен сөрелеріне темекіні шығарып қоюға тыйым салынды
270
оқылды

Темекі шегуге қарсы шараларды күшейтуге қатысты заң жобасы қабылданды. Бүгіннен бастап дүкен сөрелерінде темекіні ашық сатылымға шығаруға заң жүзінде тыйым салынды.

Құжат аясында елде темекі шегуді шектеу және алдын алу көзделген. Бірақ заңнамаға қатысты ой сан түрлі.  Жалпы, еліміздегі халықтың 22 пайызы шылым шегеді екен. Бұл – әлемдегі темекі тартудың ең жоғары көрсеткіші.

– Темекі жарнамасы азайса, жастар арасында шылым тарту көрсеткіші 16-дан 23 пайызға дейін төмендер еді. Бұл біздің ел үшін өте қуантарлық жағдай. Себебі жасөспірімдер дүкенде темекінің ашық сатылатынын күнде көрмесе, оған қызығушылығы да болмайды. Ал, бұл жастар арасында темекінің  кеңінен қолдануын тоқтатады. Сауда орындары темекіні самсатып сатылымға қойса 65-тен 450-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш бойынша қомақты айыппұл төлейді.  Жағдай бірнеше рет қайталанса, дүкен немесе сауда орны мүлде шылым бизнесімен қош айтысуы мүмкін, – дейді Еуразиялық темекіге қарсы коалиция төрайымы Жамиля Садықова.