Ақмола облысында жанармай таситын көлік жанып кетті
Ақмола облысында жанармай таситын көлік жанып кетті
196
оқылды
Ақмола облысының Жібек жолы ауылында өрт сөндірушілер отқан оранған жанармай құятын цистернаны сөндірумен айналысып жатыр, – деп хабарлайды Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті. Жанып жатқан көлікті Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысының өрт сөндірушілері сөндірді. Оқиға орнында жеке құрамнан 17 адам, 3 қондырғы жұмыс істеп жатыр, оның екеуі – Нұр-Сұлтан қаласынан және 1-еуі Аршалы кентінен. Полиция қызметкерлері Қарағанды ​​тас жолын жауып тастады. Өрт  20 минутта толығымен сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр.