Айбек Нұғымаровтың соңғы сайысы
Айбек Нұғымаровтың соңғы сайысы
205
оқылды

Елордада «Қазақстан барысы» Х республикалық турнирі Qazaqstan ұлттық арнасы көрсетіліп жатыр. Биыл турнирдің регламентіне бірқатар өзгеріс енгізілгенін айту керек. Белдесу уақыты бес минуттан төртке дейін, ал қосымша уақыт екі минуттан бір минутқа дейін қысқартылған.

– Биыл «Қазақстан барысына» оныншы рет қатысқалы отырмын. Осы жолғы соңғы қатысуым, артымнан ерген бауырларға, жастарға жол беру керек. Меніңше, кімнің бағы жанады – мықты балуан сол. Жалпы, кез келген спортшы жарысқа қатысқан соң жеңіске жеткісі келеді емес пе?   Біздің де мақсат – жеңіске жету», –  дейді "Қазақстан барысының" екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаров.

Айбек Нұғымаров кезекті белдесуін жеңіспен аяқтады. Ал "Әскер Барысы" Оразбаев Әділ Қырықбай Ғалымжанға есе жіберсе, Ерсұлтан Мұзаппаров жарыс жолынан шығып қалды. Естеріңізге салсақ, биыл балуандар бәсекесі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналады. Сайыстың бірінші орын иегеріне 25 млн теңге, бапкеріне 3 млн 500 мың теңге. Екінші орын иегеріне 5 500 мың теңге, бапкеріне 1 800 мың теңге. Үшінші орын иегеріне 1 800 мың теңге беріледі. Жыл бойындағы іріктеуден іркілмей өткен 37 балуан турнирдің ақтық кезеңінде бақ сынайды. Олардың 11-і бірінші рет бас сынағалы отыр.