Astana Ballet театрында елорда күніне орай «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» спектаклі қойылды
Astana Ballet театрында елорда күніне орай «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» спектаклі қойылды
519
оқылды

Astana Ballet театрында «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» спектаклінің премьерасы өтті. Театр қойылымды астана күніне арнады. Бұл туралы Astana Ballet баспасөз қызметі хабарлады.

Қойылымды Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары Ермек Аманшаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов тамашалады. Қазақтың лиро-эпостық жырларының жауһарына жататын туындының желісімен қойылған туынды балетке сай келіп тұрғандай. Жырдағы ізгілік пен зұлымдықтың, махаббат пен өшпенділіктің, адалдық пен опасыздықтың күресі суреттелген балеттің көркін Ақтоты Райымқұлованың музыкасы ашып отыр. [caption id="attachment_149227" align="aligncenter" width="944"]Ақтоты Райымқұлова, Astana Ballet Фото: Astana Ballet баспасөз қызметі[/caption]
«Біз махаббаттың тылсым күші жайлы халық дастанын негізге ала отырып, спектакльді қазақ би элементтерінің мәнерімен көркемдедік. Яғни, театрымызда осы эпосты сахналау арқылы қазақ өнерінің дамуына үлес қоспақшы болдық», - деді театрдың көркемдік жетекшісі Нұрлан Канетов.
Георгий Ковтун классикалық және заманауи балеттің, қазақ биінің өзіндік өрнегі мен күштік элементтерді қолдана отырып, ұлттық нақыштағы қызықты әрі әсерлі хореографиялық туындыны жарыққа шығарды. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» спектаклінде хореограф балет мазмұнын, яғни, ыза-кек, қуаныш, үміт болсын, кейіпкерлердің алуантүрлі сезім иірімдерін би қимылымен жеткізуге күш салды. Қозы мен Қодардың антагонизмін көрсетудегі ізденісін балетмейстердің шығармашылық табысына балауға болар. Сонымен қатар, қос ғашықтың пәк сезімі, екеуара құштарлығы мен өзара сенімі де әсерлі би өрнегімен суреттелді. [caption id="attachment_149228" align="aligncenter" width="944"]Елорда күні, Astana Ballet, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» спектаклі Фото: Astana Ballet баспасөз қызметі[/caption] Көркем декорация мен әдемі костюмдер де көне эпостың уақиғасын сахна кеңістігінде аша түсті. Андрей Злобиннің сценограциясында қолданылған көлемді декорациялар көрермен қауымды қазақтың көне аңыз-әпсаналарының атмосферасына қарай жетелеп әкеткендей. Костюм суретшісі Анна Ипатьеваның эскиздері бойынша тігілген түрлі костюмдер де спектакль көркін аша түсті. Георгий Ковтунның жетекшілігімен бейнесуретші Дмитрий Шамов қолданған жарық және бейнелік безендіру де спектакль идеясын ашуға әсер етті. Осы көркемдік бейнелеу мен безендіру құралдары қойылымның ұлттық нақышын нақтылай түсті. [caption id="attachment_149229" align="aligncenter" width="944"]Елорда күні, Astana Ballet, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» спектаклі Фото: Astana Ballet баспасөз қызметі[/caption] Дегенмен, ең бастысы, хореография мен артистизм екені даусыз. Қоюшы-хореографтың ассистенті Евгения Костылева астаналық театр әртістерімен үлкен жұмыс атқарды. Баян Сұлудың бейнесін балет әртісі Дарина Қайрашева сомдады. Премьераның екінші күні Баян партиясын театрдың жетекші солисті Айнұр Әбілғазина орындап шықты. Баян халқымыздың бойжеткен, қалыңдық, әйел туралы жиынтық бейнесі екені белгілі. Қозы бейнесін жетекші солист Сүндет Сұлтанов сомдады. Орындаушылық техникасы, партияның эмоционалдық мазмұнымен толыға түсіп, сахнадағы жарқын образға айналды. Қодар партиясын орындаған Astana Ballet театрының әртісі Ерқанат Ермағамбет те мінсіз техника мен әртістік шеберлік биігінен көрінді. Қарияның рөлін дарынды биші Серік Аманжол сомдап шықты. Құртқаның партиясын Риза Қанатқызы, ал, премьераның екінші күні – Аңсаған Көбентай орындады. Сонымен қатар, спектакльге Қазақ ұлттық хореография академиясының жасөспірім оқушылары да қатысты. [caption id="attachment_149230" align="aligncenter" width="944"]Елорда күні, Astana Ballet, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» спектаклі Фото: Astana Ballet баспасөз қызметі[/caption]
"Әртістердің күрделі техникалық сүйеу, биікке секіру мен вариацияларын көрермен қауым зор қошеметпен қабылдап, қолдау білдіріп жатты. Тың, заманауи өрнекпен, қайта ой елегінен өткізіліп қойылған спектакль көрермен қауымның көңілінен шыққаны – жылы ықыласынан көрініп тұрды", - делінген театрдың баспасөз хабарламасында.
"Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" қойылымы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен астана күніне орай, Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтті.