Сырдария қалай «Сырарыққа» айналды?
Сырдария қалай «Сырарыққа» айналды?
©А.Ахметқазы
703
оқылды

Белгілі YouTube блогер Ave Adikus Сырдария өзенінің тартылғанын айтып, дабыл қақты. Бұл туралы ол өзінің фейсбуктегі парақшасында жариялады.

«Сырдария емес сырарық болды ғой! Кешіп өттім, су табаннан келеді бар жоғы! Барынша таратайық!» (ред.: автордың мәтіні өзгеріссіз сақталған). Видеода Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек пен Шаған елді мекендері арасынан ағып жатқан дария көрсетілген. Сондай-ақ, ол видеоны YouTube арнасына жүктеп, 1 күннің ішінде 500 пікір мен 4 мыңға жуық лайк жинап, 40 мың рет қаралды. Пікір қалдырушылардың басым бөлігі «қуаңшылық келді» деп жазба қалдырса, басқалары асау өзеннің қор болғанын айтуда. «Аралдың тағдырын Сырдария кешпесін» деген жазбалармен қоса өзеннің басында тұрған мемлекеттерге кінә артқан пікірлер де қалдырылды. https://youtu.be/qHOeEkbHG-I