Президент халық ақыны Әселхан Қалыбекованың отбасына көңіл айтты
Президент халық ақыны Әселхан Қалыбекованың отбасына көңіл айтты
304
оқылды

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Қазақстанның халық ақыны, «Парасат» орденінің иегері Әселхан Әлішерқызы Қалыбекованың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Әселхан Әлішерқызы айтыс көкжиегінде шоқ жұлдыздай жанып, халқының сүйікті ақын қызына айналды. Саналы ғұмырын киелі айтыс өнеріне арнап, жұртымыздың рухани байлығын дамытуға мол үлес қосты. Соңында өшпес мұра қалдырды. Әселхан Қалыбекованың есімі халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенемін. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын» делінген жеделхатта.