Автобус жүргізушісінің шапшаңдығының арқасында әйел аман қалды.
28 маусым күні сағат 11:00 шамасында жәбірленуші ДКМ аялдамасының жанындағы жолдың бойына жүгіріп шығып, N19 маршруттық автобустың астына түсіп өлмек болды.
[embed]https://www.youtube.com/watch?v=Q5mdmZLEm5Q&list=TLGGxdAaQJtV2pAwNjA3MjAyMQ&t=2s[/embed]
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, әйел айықпас ауруға шалдыққан екен. Ағайын-туыстарына масыл болғысы келмегендіктен өзін-өзі өлтірмек болған.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 1-бөлігі 105-бабы (Суицид) бойынша қылмыстық іс тіркелді.