Облыстық Полиция департаменті басшысының орынбасары Жандос Орымбаев: «5 шілде күні Ақсу қаласында түнгі сағат 23:40-та полиция майорының мәйіті табылды. Ол өзіне-өзі қол салып, асылып өлген», – деді.
Оның айтуынша, қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сараптама жүргізіледі.