Ақсуда асылып өлген полиция майорының мәйіті табылды
Ақсуда асылып өлген полиция майорының мәйіті табылды
Фото: kursiv.kz
206
оқылды

Департаменттің дерегінше, полицей суицид жасаған.

Облыстық Полиция департаменті басшысының орынбасары Жандос Орымбаев: «5 шілде күні Ақсу қаласында түнгі сағат 23:40-та полиция майорының мәйіті табылды. Ол өзіне-өзі қол салып, асылып өлген», – деді.

Оның айтуынша, қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін  сараптама жүргізіледі.