Желіде Алматыда жол апатына ұшыраған жүргізушілердің дауласқан сәті түсірілген видео тарады. Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын айтты.
Кадрдан бірнеше ер адам апаттан кейін сөзге келіп қалғанын көруге болады, ал куәгерлер оларды арашалап жүр.
Жол апаты 5 шілдеде сағат шамамен 17.00-де болған. «А. есімді жүргізуші жол қозғалысы ережелерін, 2.4.2-бөлімнің талаптарын бұзып, мас күйде Mercedes маркалы көлігін басқарған. Ол Казачка көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Mercedes автокөлігімен соқтығысты, одан әрі BMW маркалы көлігін қаққан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі автомобиль де зақымдалды. Зардап шеккендер жоқ. Материалды Бостандық аудандық ПБ қызметкерлері өндіріске алды", - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.