Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы, жаңбырлы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола облысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, секундына 15-25 метр жылдамдықпен жел соғып, шаңды дауыл тұрады.
Нұр-Сұлтанда сынап бағанасы күндіз +26 .. + 28 °C, түнде +13 .. + 15 °C көрсетеді. Күндіз жаңбыр жауады.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл тұрады, жел секундына 15-25 метрге дейін күшейеді.
Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл көтеріліп, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Түркістан облысында дауыл тұрады, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, екпіні секундына 25 метрге жетеді.
Шымкентте синоптиктер көшпелі бұлт шығады деп болжап отыр, күндіз +40 .. + 42 °C-қа дейін ыстық болады.
Қызылорда облысында қатты ыстық болады, желдің жылдамдығы – секундына 15-25 метр, кей жерлерде шаңды дауыл тұрады.
Қостанай облысында секундына 15-25 метр жылдамдықпен жел тұрады, кей жерлерде бұршақ жауады, дауыл тұрады.
Жамбыл, Қарағанды, күндіз Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жел секундына 15-20 метрге күшейеді.
Күндіз Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады, Қарағанды облысының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады.
Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында қатты ыстық болады.