Бүгін ауа райы қандай болады?
Бүгін ауа райы қандай болады?
©www.gismeteo.ru
5,247
оқылды

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы, жаңбырлы болады. Елдің солтүстік-батысында және батысында нөсер жауын жауады. Тек елдің солтүстігінде күн ашық.

Қазгидрометтің мәліметінше, Ақмола облысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде қатты жел тұрып, арты дауылға ұласады. Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл көтеріліп, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Түркістан облысында осындай ауа райы күтілуде.

Қызылорда облысында қатты ыстық болса, Қостанай облысында секундына 15-25 метр жылдамдықпен жел тұрып, бұршақ жауады. Жамбыл, Қарағанды, күндіз Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жел секундына 15-20 метрге күшейеді. Ал Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында қатты ыстық болады.