Қолына қолшатыр ұстап алған қыздың бейнесі бейнеленген мурал Алматы тұрғындарын таңқалдырды. Жаңа арт Тастақ шағынауданындағы тұрғын үйлердің бірінде аяқталуда.
Қазір барлық жерде үйлердің қасбеттері безендіріліп, маңызды оқиғалар немесе тарихи сәттерді еске түсіретін жаңа жарқын граффити жобалар жасалуда. Бұл суреттер қаланы өзгертіп, тұрғындарға жаңа эмоция сыйлайды. Қала тұрғындарының көпшілігі суретшілердің өнерлерін жылы қабылдап, үйлерін өзгерту бойынша бастама көтере бастағаны қуантады.
Мурал авторларының сөзінше, балалар бейнесі – жас ұрпақты бейнелейді. Кішкентайдың қолындағы қолшатырында Антикордың логотипі бейнеленгені де кездейсоқ емес. Бұл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.
«Мурал, бұл - қала кеңістігіндегі суретші мен көрермен диалогының тамаша құралы. Осы жоба барысында біз көрерменге жақын болатын, позитивті, жарқын бейнені жасауға тырыстық. Командамыз Астана мен Алматы қалаларында осы жоба бойынша жұмыс істеді. Жалпы, балалар тақырыбы жоба серіктестерімен үндескеніне қуаныштымыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сияқты маңызды тақырыпты қозғай отырып, біз «көркем» тілде сөйлеуге және Сайран автовокзалының жанында жарқын орынға айналатын позитивті образ жасауға тырыстық», - дейді тұжырымдама авторы Кристина Бекмурзаева.
Шағын аудан тұрғындары да мурал жайында өз ойымен бөлісті.
«Маған бұл жұмыс ұнады, біз өзіміз бұған дейін қасбетке сурет салу туралы бастама көтердік. Немерелерім осында суретке түседі. Менің ойымша, туристерге де бұл бастама ұнайды. Түстері өте жарқын, көңіл-күйді көтереді», - деді тұрғындардың бірі.