Орталық Азиядағы IT-стартаптардың ірі технопаркі Astana Hub цифрлық нұсқасын тікелей эфирде таныстырды. Аstanahub.com платформасында бағдарламаларға қатысуға өтінімдерді қабылдаудан бастап, барлық ірілі-ұсақты процестерді жүзеге асыруға болады.
ҚР цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин технопарк құрылғаннан бері үш жыл ішінде 1000-нан астам технологиялық кәсіпкерлік пен 507 қатысушыдан тұратын қауымдастық құрылғанын айтты. Бүгінгі таңда Astana Hub - 12 млн.-нан астам пайдаланушыны қамтитын, стартап-индустрияның өзегі және әртүрлі деңгейдегі технологиялық кәсіпкерлер үшін мүмкіндіктер орталығы. Цифрлық Аstanahub.com технопаркі, бұл - Қазақстанның IT-саласының барлық қатысушысының online-құралдары мен коммуникацияларының бірыңғай платформасы. Ол оқушылар, фрилансерлер, стартаперлер, IT-компаниялар, инвесторлар, корпорациялар және мемлекеттік органдары кіретін кең мақсатты аудиторияға арналған. Әркім өз мәселелерінің шешімін табады: бірінші тапсырысты алудан бастап инвестицияларды тартуға дейін. Платформаның экожүйесінде - іс-шаралар, қызметтер, жаңалықтар, блог, бос жұмыс орындары, IT-бастамалары бар. Сонымен қатар, кез келген білім беру немесе бизнес бағдарламасына тіркелуге, өтінімді қашықтықтан беруге, ал қатысушыға үйден шықпай-ақ есеп тапсыруға болады. Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев үш жылдағы қорытындыны айтты. Сонымен бірге отандық стартап мәдениетті дамытудағы жаңашылдықтар: білім беру бағдарламалары, өңірлерді дамыту, резиденттер үшін экспорт мүмкіндіктері туралы мәлімдеді."Қазіргі таңда Astana Hub нарық сұранысына және үрдістерге бейімделіп, бағыттарын кеңейтуде және жыл сайын технопарктің міндеттері тиісінше өзгеріп жатыр. Astana Hub-тың басты мақсаты - технологиялық өнімдердің экспорттық әлеуетін дамыту және осы бағытта 2025 жылға қарай 500 млн. доллар көрсеткішке қол жеткізу. Қазіргі кезде стартаптар 34,5 млрд. теңге инвестиция тартты. Хабқа қатысқан компаниялардың жалпы табысы 98,9 млрд. теңгеге жетті", - деді Мағжан Мәдиев.Оның айтуынша, 3 жыл ішінде технопаркте 10 мыңан астам адам оқып, 6 138 жұмыс орны ашылған.
"Өткен жылдан бастап хаб өзінің білімі мен тәжірибесін Қазақстанның барлық өңірлеріне тарата бастады, енді технопарктің серіктестері Қазақстанның әрбір қаласында бар. Осы жазда Astana Hub АТ-қызметтерінің экспортын дамытуға бағытталған өзінің офисін Алматыда ресми түрде іске қосады. Қазір алматылық команда техникалық режимде жұмыс істейді", - деді Мағжан Мәдиев.