Түлкібастық пианист Миланда Қазақстанның Әнұранын жаңа каверде орындады
Түлкібастық пианист Миланда Қазақстанның Әнұранын жаңа каверде орындады
443
оқылды

Қазақстандық танымал пианист Темірлан Бейсенбай Италияның Милан қаласында, туристер көп шоғырланатын алаңдардың бірінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын жаңа каверде орындады.

Бұл туралы пианист өзінің Instagram желісіндегі жеке аккаунтында жариялады. 42 секундтық видео желіде тез тарап, аз уақыттың ішінде жүзмыңдаған қаралым жинап, Facebook әлеуметтік желісінде де таралып кетті.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Ratovich Kai (@ratovich)

Белгілі пианист бұған дейін Көбейтұзда Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы» әнін пианинода орындап, қазақстандықтардың ықыласына бөленген. Темірлан Бейсенбай, сондай-ақ, Қазақстанның танымал жерлеріне арнайы барып, пианинода әлемдік классиктердің музыкасын, танымал әндердің кавер нұсқаларын орындап, тыңдарманын тәнтті етті. Айта кетейік, Темірлан Түркістан облысының Түлкібас елді мекенінде дүниеге келген. 6 жасында отбасымен бірге Нұр-Сұлтанға көшіп, Қазақ ұлттық өнер университеті жанындағы мектепте білім алды.