Екі ауылда дәрігерлік амбулатория ашылды
Екі ауылда дәрігерлік амбулатория ашылды
490
оқылды

Алматы облысында екі бірдей ауылдық дәрігерлік амбулатория іске қосылды. Жамбыл ауданының Сарыбай би және Үңгіртас ауылдарында қа­­­жетті заманауи меди­цина­лық құралдармен жабдық­тал­ған жаңа емдеу мекемелері салтанатты түрде ашылды.

Сарыбай би ауылындағы емдеу мекемесі бір ауысымда 25 адамды қабылдай алады. Нысан ендігі жерде Қарасу ауылдық округіндегі 4 елді мекеннің 6 мыңнан астам тұрғынына сапалы медициналық қызмет көрсетеді. Жобаның жалпы құны – 297 млн. теңге. Үңгіртас ауылында да осындай дәрігерлік амбулаторияның ашы­луы ауыл тұрғындарын ерекше қуанышқа бөледі.

Жаңа ем­хана­ның жобалық құны – 338 млн. тең­­ге. Мұнда бала­лар мен ере­сек­тер­ге арналған қа­был­дау бөлмесі, тіс емдеу, гине­ко­лог, терапевт ка­би­неттері, зерт­хана, күндізгі ста­цио­нар, жара таңу бөлмесі бар. Бұл жерде Үңгір­тас ауылдық окру­гі­нің 5 мыңдай тұрғыны меди­­ци­на­лық қызмет алады.

«Дәрігерлік амбулаторияда жаңа медициналық құрал-жабдық орнатылған. Нысан бір ауысымда 35 адам қабылдауға арналған. Біз­дің ұжымда 12 қызметкер бар. Біз ауыл тұрғындарына сапалы қыз­мет көрсетуге бар күш-жігерімізді ба­ғыттаймыз», – дейді Үңгіртас ауыл­дық амбу­латория­сының мең­герушісі Бағлан Тобажанова.

Болат АБАҒАН, Алматы облысы