БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың мәліметінше, оқиға бүгін, түнгі сағат 01.56-да болған. Сол аралықта жедел жәрдемге қоңырау шалынып, Деркөл ауылында ер адамды пойыз қағып кеткені жөнінде хабар түскен.
«Оқиға орнынан орта жастағы ер адам облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Ол екі аяғынан айырылды. Қазіргі кезде жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде», - деді А.Сақпосынова.
ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады. Олардың сөзінше, оқиға «Тауарлы Кардон» айналымында болған. Аталған дерек ҚР ҚК 344-бабы 1-бөлігі, яғни теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу бойынша Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.