Ашық трансформаторлар – ажал ошағы, қоршалмай жатпақ қашанғы?
Ашық трансформаторлар – ажал ошағы, қоршалмай жатпақ қашанғы?
476
оқылды

Бүгінде Жамбыл облысы аумағында 144 ашық жатқан трансформатор бар. Оның маңайында ойнап жүріп, от басқан бала да, токқа түскен ересек те аз емес. Жұрт білсе де, оған жауапты адамдар қайда қарап отыр?

– Ата-ана болғандықтан, бала­ла­ры­мыз үшін алаңдайтынымыз анық. Себебі ашық жатқан трансформатор кез келген тірі жан иесіне қауіпті. Қан­ша айтсақ та, ойын баласы ұмы­тып кетеді. Кейде тал түсте, кейде кеш­құрым балалар сол маңайдан қор­ғасын іздеп, болмаса өрмелеп ой­нап, өріп жүреді. Қайбір жылдары ауыл­дың ер-азаматтары сым қоршау­мен қоршап тастаған болатын. Кейін ол да ашылып қалды. Негізінде, мұн­дай трансформаторлар ашық жат­пауы тиіс емес пе? Оқыс жағдай бол­са, оған кім жауап береді? Адам шы­ғыны болса, мың жерден жауап бер­се де үзілген өмірді жалғай ал­май­ды ғой. Жергілікті әкімдіктегілерге де бұл мәселені қанша айтқан бола­тын­быз. Айтылған сөз сол жерде қа­лып кетеді. Кейбіреулері «Бала­ларыңыз­ға ескертіп отырыңыздар» деп өзімізге ақыл айтады. Олардың ақыл-кеңесі болмаса да, күнделікті ай­тып отырамыз. Онымен мәселе ше­шілмейді. Соны қоршау үшін мил­лиондаған қаржы кетпейді. Қанша бол­са да ол адам өмірінен қымбат емес. Мектеп оқушыларының бар­лы­ғы күн сайын трансформатордың маңайы­нан өтеді. Барлығы бір-бір үйдің еркесі, үміті, сенімі. Кейде іші­не мал кіріп кетеді. Оны айдап шы­ға­мын деп талай жаза басып қала жаз­даған адамдар, оның ішінде жа­сөспірімдер де жоқ емес. Сондықтан мә­­селеге жауаптылар осындай трансфор­маторлардың қауіпсіздігін ес­керсе екен дейміз. Әйтпегенде, ашық­тан-ашық жатқан ажал апанына көз жұма қарауға болмайды. Оның ар­ты жақсылыққа апармайды. Әлде адамның ажалын күтіп отыр ма? –дей­ді Сарысу ауданының тұрғыны Кен­жегүл Рысалиева. Ал мамандардың айтуынша, ашық жатқан жоғары кернеулі транс­фор­маторлар кемі 10 мың вольт ток­ты таратады екен. Ойлап қарасаңыз, мұндай электр қуаты кеудесінде жа­ны бар кез келген тіршілік иесін қас пен көздің арасында күлге айнал­ды­рып жібереді. – Ауыл теміржолдың бойында ор­на­лас­қандықтан, мұнда ашық жат­қан электр сымдары, ашық тран­с­фор­­­­маторлар жиі кездеседі. Былайша айтқанда, ол бізге жаңалық емес де­сек те болады. Ауыл арасында ток­қа түсіп мерт болған жандардың да қа­ра­сы аз емес. Бұл бұрыннан келе жат­қан мәселе. Мұндағы электр же­лілерінің көбі Кеңес өкіметінен бері ке­ле жатқан ескі, кейбіреулері істен шық­қан. Десек те, оның адам өміріне қауіп­сіз екені белгісіз. Ауыл бала­лары­­ның басым көпшілігі шойын жол­дың бойында ойнайды. Оның үс­тіне қазіргідей жазғы демалыс ке­зінде ата-аналар жұмыста жүргенде, ба­лалар үйде отырмайды. Темір­жол­дың маңында арнайы күзетші ма­ман­дар бөгде адамдарды қауіпті аймаққа кіргізбейді. Десек те, ол бала өмірі үшін алаңдамауға болады деген сөз емес. Бұл мәселеге электр жүйесімен қамтамасыз етіп отырған мекемелер жауап­ты ма, теміржолдағылар жауап­ты ма, нақтысын білмейміз. Ауыл хал­қының дені теміржолдан нә­па­қасын айырып отырғандықтан, оған көп мән бере бермеуі мүмкін. Бірақ мә­селені жоққа шығара алмаймыз. Кейбір трансформаторлар қоршалған болса да құлып салынбаған. Егер есігі жабылмаса, оның қоршауынан не пайда? Әлде тек оқыс жағдай орын алғанда ғана ойлануымыз қажет пе? Қалай дегенмен, жоғары кернеулі ашық жатқан трансформаторлар жан­ға да, малға да қауіпті. Ол тиісін­ше қоршалуы керек, – дейді Луговой стан­сасының тұрғыны Берік Мұңайт­пасов. Расында, мұндай мәселе облыс ау­мағындағы бір емес, бірнеше ау­дан­да бар. Қаншама жерлесіміз жа­зым болғаны да жасырын емес. Бұл ретте облыс әкімдігінің Энергетика жә­не тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лығы басқармасы маман­дары­ның да пікірін білдік. Олардың айтуынша, аймақтағы әрбір трансформатор ие­сіз емес екен. Яғни, оған жауап­ты­лар бар деген сөз. Ал оның қоршауына бай­ланысты мәселе аталмыш басқар­маға қарамайтын көрінеді. Олар тек ашық жатқан трансформаторларды анықтап, «Жамбыл электр жүйелері» ме­кемесіне жолдайды екен. Десек те, атал­мыш мекеме өкілдерімен бай­ла­нысу бүгінгідей ашықтықты талап етіп отырған қоғамда қиынның қиы­ны екені таңдандырады. Олардың жауа­бын тыңдамақ түгіл, тілдесудің өзі мұң болды. Қалай дегенмен, қазір бұл мәселе тек облыс басшысы Бердібек Машбекұлының тікелей на­зарында тұрғаны көңіл жұбатады. Әйтпегенде, жауаптан жалтару жауап­­­­кершіліктен алыстатпайтыны айдан анық. Себебі ашық-шашық жат­қан әр трансформатордың артын­да адам тағдыры бар. Сондықтан мә­селеге жауаптылар бұл келеңсіз­дік­ті қазірден қолға алмаса, ертең кеш болып кетпесіне кім кепіл?..

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы