Мұнай өңдеу зауыттарының жұмысында күмәнді схема көп
Мұнай өңдеу зауыттарының жұмысында күмәнді схема көп
Сурет: generatorpowerproducts
481
оқылды

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы мұнай өңдеу зауыттарының жұмысында ақшаны жылыстатуға арналған күмәнді схемалар бар екенін айтты.

«Ішкі нарықтың сұранысын жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз ету үшін 2018 жылы үш мұнай өңдеу зауытына да жаңғырту жүргізілді. Оған 2 триллион теңге қаржы жұмсалды. Соның нәтижесінде зауыттардың жыл сайынғы жөндеу жұмыстары 45 күннен 20 күнге шегеріледі, ал толықтай үш жылда бір рет тоқтатылады деп күткен едік. Бірақ, аталған кәсіпорындарда апатты тоқтатулар әлі тыйылмай келеді. Соның кесірінен жанар-жағармай тапшылығы туындап, отынның бағасы қымбаттап кетеді. Тек жыл басынан бері отын бағасы 13%-ға көтерілген», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол осыған байланысты Энергетика министрлігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ-ға мұнай өңдеу зауыттарына бақылауды күшейтуді, ал Қаржылық мониторинг агенттігі мен Есеп комитетіне аталған кәсіпорындардың ақшаны жылыстатуға арналған күмәнді схемаларын тексеруді тапсырды.

Дәулет АСАУ.