Ақтөбеде көпқабатты жатақхана өртеніп, 43 жастағы ер адам ауруханада көз жұмды, – деп хабарлайды inform.kz.
Жатақханадан шыққан өрттен пәтер иесін күйік шалды. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 43 жастағы ер адамның денесінің 80%-ы күйіп қалған.
«Күйік шалған пәтер иесі жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Ол есін жимастан қаза болды. Пәтер иесі жалғыз тұрған. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Сонымен бірге сот-медициналық және өрт-техникалық сараптамалары тағайындалды. Тергеу басталды», – деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.