Есеп комитеті есеп берді
Есеп комитеті есеп берді
354
оқылды

Мемлекет басшысы Рес­пуб­ликалық бюджеттің ат­қарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабыл­дады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2020 жылғы республикалық бюджеттің жұмсалуына қатысты Үкіметтің есебі бойынша шығарылған негізгі қорытындылар жөнінде есеп берді. Құжат өткен аптада Парламенттің бірлескен отырысында қабыл­данған болатын. Сонымен қатар Наталья Годунова жер ресурстарын бас­қаруға, арнаулы экономикалық аймақтарға және «Тау-кен Са­мұрық» ұлттық тау-кен компа­ниясы» акционерлік қоғамына жүргізілген тексерістердің негізгі қорытындылары туралы баян­дады. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Есеп комитетінің тө­рағасына тиісті тапсырма берді.