Павлодар облысында 17 жыл бұрын әпкесін өлтірген адам ұсталды
Павлодар облысында 17 жыл бұрын әпкесін өлтірген адам ұсталды
©https://azattyq-ruhy.kz
252
оқылды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров мәлім етті.

- Тергеу бөлімшелерінің өндірісінде барлығы 2864 қылмыстық іс болды. Оның ішінде 1796 іс ашылып, сотқа жолданды. Барлығы 75,2% пайыз іс ашылды. Мысалы, 2004 жылы қозғалған қылмыс ашылды. Железин ауданында ер адам әпкесін өлтірген. Сараптама нәтижелері бойынша кінәлі адам ұсталды, – деді Жасқайрат Қайыров.

Оның айтуынша, криминалдық полиция қызметкерлері өткен жылдардағы 485 қылмыс: оның ішінде 1 адам өлтіру, 2 денсаулыққа ауыр зиян келтіру, 5 бұзақылық, 10 тонау, 1 қарақшылық шабуыл және 5 айдап әкету ісі ашылған. Қылмыскерлерді іздестіру бойынша жұмыстар жүргізілуде, жыл басынан бері іздеуде жүрген 50 адам ұсталды. Оның ішінде 2016 жылы кісі өлтірген бір адам Ресейде қолға түсті.

- Бүгінде полиция департаменті жедел қызметтік жұмыстың барлық бағыттары бойынша ішкі істер органдарының алдына қойылған міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік беретін тұрақты режимде жұмыс істеуде, – дейді Жасқайрат Қайыров.