Коронавирусқа қарсы екпелер әзірленгелі бері ел ішінде вакцинаға қатысты жалған ақпараттар мен түрлі қауесеттер таралғанын білеміз. Соның әсері ме, вакцинаға күмәнмен қарайтындардың қарасы көбейді. «Адамнан айла артылмас» демекші, осы күні екпе алғысы келмегендер вакцина паспортын сатып алуға асық.
Ал оны саудалайтындарға әлі де кедергі аз секілді. Себебі ғаламторды шарлап, біраз көз жүгіртсеңіз, мұндай ұсыныстарды жиі кездестіресіз. Заңсыз әрекеттің жайлағанына қарап, «ақ халатты абзал жандарымыз деп құрметтейтін азаматтардың ақша үшін арын сатқаны ма?» деген ой келеді.
Делдалдар үздіксіз табылып жатыр
Негізі, вакцина куәлігін сату жайлы деректер сәуір айында шыға бастады. Алғашқыда көбі сенбегендей сыңай танытқанымен, кейін көп ұзамай Денсаулық сақтау министрлігі тексерістер басталғанын хабарлаған болатын. Бұл тақырыпқа келгенде алматылықтардың белсенділігін байқадық. Екпеге қатысты заңсыздық ошағы осы қала болып отыр. Сәуірде Алматы әкімдігі екпе паспортын 15 мың теңгеден сатып жатқан делдалдарды анықтау ісі басталғанын мәлім етті. Одан соң мамырдың басында Алматыдағы екі үлкен емхананың қызметкерлері заңсыз куәлік жасап, оны 5-15 мың теңгеге сатқаны әшкере болған. Ізін ала қызметкерлер жұмыстан өз еріктерімен шығып кеткен екен. Бірақ қылмыстық істен сытылып кете алмады.Ведомствоның өзі мұндай қадамға бармайтыны анық. Дегенмен бұл заңсыздыққа барғандардың ішінде аталған мекеменің қызметкерлері болуы мүмкін деген ой қалдырған еді. Енді жуырда ғана Алматыдағы «Достар Мед» және «Сұңқар» клиникаларының дәрігерлері жалған вакцина паспортын жасағаны үшін ұсталды. Оған қоса №4 поликлиникада медицина қызметкерлері онсыз да саны шектеулі екпелерді жойып жібергені анықталды. Ақмола облысында да дәрігерлер әшкере болып жатыр. Олардың бәрі Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.Осы жайттарға қарамастан көлеңкелі нарықтың дәурені тоқтаған жоқ. Демек, вакцина паспортына деген сұраныстың көп болғаны анық. Алматыдан Қарағанды мен Шымкент қалалары да қалысқан жоқ. Мұнда да бірнеше қылмыс ашылды. Мамырдың аяғында елімізде мың жарым теңгеден сатылып жатқан паспорттарда басқа емес, жауапты министрлікке қарасты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мөрі басылған екен.
Халық денсаулығына төнген қауіп
Осылайша, көп адамның екпеге деген сенімінің төмендеуі елдегі денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмысқа нұқсан келтіріп отыр. Бір өкініштісі, заңсыз паспортты сатып алғысы келетіндер айналамызда да жетерлік. Ал, бұл халық денсаулығына үлкен қауіп екенін ескермесе болмайды. Қазақстан Үкіметі халыққа қызмет көрсету салаларында жұмыс істейтін азаматтар үшін (мемлекеттік мекемелерден және дүкендерден бастап, демалыс орындарына дейін) жұмыс орнына кірмес бұрын екпе алғаны туралы куәліктерін көрсетуді талап ететін жаңа ережелер енгізген болатын. Осы ережеге бағынғысы келмеген адамдардың түгелі дерлік заңсыз куәлікке ұмтылып жүргенін аңғардық.Сөзіміз жалған болмасын, мәселен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жалған паспортқа қатысты 35 қылмыстық істі тіркеп үлгерген. Сауд Арабиясы Корольдігіне барғысы келген 30 шақты отандасымыз жалған куәлік жасатқан. Айтпақшы, бұдан былай жалған паспортты сатып алуға талпынған азаматтар да 40 тәулікке дейін бас бостандығынан айырылатын болды. Ал, оны дайындағандар 4 жылға дейін сотталады. Бірақ бұл әрекет қылмыстан бұрын халық денсаулығына ашықтан-ашық залал тигізу екенін ұқсақ керек.
«20 мың теңгеге әзірлеп беремін»
Біздің ұққанымыз бойынша, вакцина куәлігін сатудың негізгі екі жолы бар. Біріншісі, дәрігерлермен ақшасына келісіп, егу бөлмесінде құтыны төктіру арқылы вакцина алғандардың санатына қосыла салу. Екіншісі, заңсыз паспортты онлайн әзірлету. Сіз вакцина куәлігін сатқан адамды көрмейсіз. Бәрі қашықтан істеледі. Біздің шамалауымызша, бұлар егу бөлмесіне кірместен бұрын құжатыңызды базаға тіркеушілер. Себебі Еgov.kz базасына кіру құзыреті осыларға берілген. Біз осы айтылған жолдардың екіншісіне әдейі жүгініп көрген едік. Telegram әлеуметтік желісі қашанда жасырын сауданың ошағы екенін білеміз. Сондықтан желіге кіріп, іздеу бөліміне «паспорт вакцинации» деп жазғанымызда, бір емес, бірнеше парақшаның шыққанын байқадық.Ал 21 күннен кейін вакцинаның екінші компонентін алып, толық вакциналанғаныңыз жайлы ақпарат енгізіледі» деген жауап алдық. Яғни, құзырлы органдар тексерісті күшейткенімен, куәлікке оңай қол жеткізудің жолдары әлі де көп. Үнді штамы таралғалы бері елдегі эпидахуалдың әбден ушыққанын көріп отырмыз. Бір күнде вирус жұқтырғандар 3,5 мыңға жетіп, рекордты көрсеткіш тіркеліп жатыр. Бірақ осыған қарамастан жалған куәлікке сұраныстың артуы көп адамның індет қатерін әлі де болса жете түсінбегенін аңғартқандай. Айтпақшы, көрші Ресейде де індеттен зардап шеккендер саны тым артты. Бір қызығы, осы елде де жалған вакцина паспортын жасату ісі жайлап кеткен. Демек, бұл куәліктің ақыры қылмысқа ғана емес, түгел елдің өміріне қасақана зиян келтіреді деп қорытындылай беруге болады.Солардың ішінен қазақстандықтарға арналған вакцина куәлігін сататын бір парақшаға еніп, danilbiz деп аталатын әкімшісімен байланысқан болатынбыз. Өзімізге вакцина паспорты қажет екенін айтып, бағасын сұрадық. Сонда сұрағымызға «паспорттың бағасы 20 мың теңге тұрады. Тек жеке төлқұжатыңыздың суреті мен тұрғылықты мекен-жайыңызды жолдаңыз. Бір күннен кейін Еgov.kz-ке екпенің бірінші компонентін алғаныңыз жайлы дерек шығады.
Мадияр ТӨЛЕУ