Жамбылда өрт те, өрттен өлген де көп 
Жамбылда өрт те, өрттен өлген де көп 
233
оқылды

5 адам жарақат алса, материалдық шығын 15 миллион 493 мың теңгені құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда өрттердің саны 24 пайызға, материалдық залал 20 пайызға, ал қаза болғандар саны 7 есеге өскенін көрсетіп тұр.

Өрттің дені  тұрғын үй секторында, автокөлік құралдарында және ашық аумақтарда орын алған. Нәтижесінде, 176 тұрғын үй өртке оранып, 65 көлік құралын жалын шарпыған. 30 өрт ашық аумақта болған. Мұндай қорқынышты көрсеткіштен кейін облыстық Төтенше жағдайлар департаменті  жергілікті полиция қызметінің өкілдерімен және волонтерлермен бірлесіп 174 мыңнан астам  аулада  1016 жиын өткізіп, 345 мыңға жуық   адамға нұсқау берген. 214 мыңнан астам жадынама мен нұсқаулық таратқан. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерін, еріктілерді, газ-электр шаруашылығы қызметкерлерін тарта отырып, 938 көпқабатты тұрғын үйдің 35444 пәтеріндегі 57800 тұрғынға  өрттің  алдын алу шаралары түсіндірілген. Одан бөлек  әлеуметтік осал топтағы  азаматтардың тұрғын үйлеріне 1499 улы газ датчигі орнатылып,  демеушілердің көмегімен табиғи газбен жылытылатын тұрғын үйлерде 2020 жылы 7500, ағымдағы жылы 735 газ талдағыш орнатылған.

Сондай-ақ аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктері  аз қамтылған отбасылардың 65 тұрғын үйіндегі жылыту пештерін жөндеу, 442 тұрғын үйдің түтіндіктерін тазалау және 42 тұрғын үйдің ақаулы электр сымдарын ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізген.

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы