Қостанай облысында үш адамнан сібір жарасы анықталды
Қостанай облысында үш адамнан сібір жарасы анықталды
Фото: simvet.ru
648
оқылды

Мамандар сараптама жасап, малдың сібір жарасынан өлгенін анықтады. Жекенің малынан басқа елді мекендерде ауру байқалған жоқ.

Бірақ осы ауылдың үш тұрғыны сібір жарасына шалдыққан.

Облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Людмила Налобина: «Бұл адамдар Приречный ауылындағы ЖШС-да жұмыс істеген. Олар малды баққанда немесе сойғанда ауру жұқтыруы мүмкін», – дейді.

Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары  Бауыржан Бекет: «Болжам бойынша, жыртқыш аң-құс, кеміргіштер сібір жарасын басқа жақтан әкелуі әбден мүмкін», – деп отыр.

Бұған дейін құс тұмауын жыл құстары өршіткенін жазған болатынбыз.