Ranking.kz зерттеуінше, адам саудасына қатысты қылмыстың 75%-і жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыруға немесе күшпен ұстауға тиесілі.
8 жағдай кәмелетке толмағандарды сатуға, 7 жағдай кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту, 6 жағдай адам саудасына және жезөкшелікке тартуға, 1 жағдай пайдалану мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыруға алып келді, – деп хабарлады сарапшылар.
Биылғы бес айда кәмелетке толмағандарды сатқаны үшін 25 адам, жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастырғаны және ұстағаны үшін 6 адам, адам саудасы үшін 4 адам қылмыстық жауапқа тартылды. Олардың көпшілігі Қазақстан азаматтары, "Кәмелетке толмағандар саудасы" бабы бойынша жауапқа тартылғандардың екеуі — ТМД елдерінің азаматтары.
Сонымен бірге адам саудасына байланысты қылмыстар үшін жауапқа тартылғандардың көпшілігі – орта немесе орта кәсіптік білімі бар жұмыссыздар.
Орталық Азия елдеріндегі жәбірленушілердің көпшілігі - ересек әйелдер (55%). Ондағы ерлердің үлесі-32%, ұл балалардың үлесі — 8%, қыздардың үлесі — 5%.
Айта кетейік,
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан адам саудасы туралы жаһандық есеп беруде “бақылау тізімінен” екінші санаттағы елдерге (2-деңгей) көшті, бұл елдің адам құқықтары жағдайының жақсарғанын көрсетеді.