Шығыс Қазақстан облысында ер адам Қызыл кітапқа енген балықты аулағаны үшін 1 жылға бас бостандығынан айырылды.
«Ер адамның айтуынша, ол 200-ден астам балық аулап, одан 27 литрге жуық уылдырық жинаған», - деді пробация қызметінің бастығы Бауыржан Төлеуханов.
Оған бір жылға бас бостандығынан шектеу жазасы кесіліп, екі жылға балық аулау құқығынан айырылды.
«Сотталған пробация қызметіне есепке қойылды. Қазір есепте тұрған сотталғанмен профилактикалық жұмыс жүргізілуде және болашақта ол пробация қызметінің бақылауында болады. Егер де пробация есебінде тұрған кезінде құқық бұзушылық жасаса, бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы – бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін. Оған бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу ережелері түсіндірілді», - деді Бауыржан Төлеуханов.