Кәсіпкер мектеп салуға бөлінген қаражаттан 5,5 миллион теңге жымқырған
Кәсіпкер мектеп салуға бөлінген қаражаттан 5,5 миллион теңге жымқырған
Фото: kznews.kz
336
оқылды

Орта мектеп «Жұлдыз» ықшамауданында салынуы тиіс еді.

«Тергеу барысында кәсіпкер мектеп құрылысы кезінде нақты орындалмаған жұмыстар туралы дәйексіз мәліметтер көрсетіп есеп ұсынғаны белгілі болды. Сот құрылыс-экономикалық сараптамасының қорытындысына сәйкес, мемлекетке келтірілген залал сомасы шамамен 5,5 миллион теңге екенін анықтады» делінген агенттік хабарламасында.

Кәсіпкер кінәсін толық мойындап, шығынды өтеді.

Бұған дейін жүз миллионға жуық қаржы жымқырғандардың сотталғаны туралы жазған болатынбыз.