30 миллионға сатып алмақ болған
30 миллионға  сатып алмақ болған
©https://azattyq-ruhy.kz
246
оқылды

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданының әкімдігі 5 миллион теңгенің пәтерін 30 миллионға сатып алмақ болған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп конкурстық сатып алу ба­ғаларына мониторинг пен тал­дау жүргізген. Қорытын­ды­сында біршама түсініксіз жайтқа тап болған. Мысалы, Батыс Қазақс­тан облысы Казталов ауданының әкімдігі ауданы 40-тан 60 шаршы метрге дейінгі пәтерді 30 млн тең­геге сатып алуды жоспарлаған.

«Мұндай баға тіпті елордада да болмаған. Біздің ұсынысымыз бойынша баға 6 есеге (5 млн теңге) түсірілді», – деді Марат Ахметжанов. Агенттік төрағасының ай­туын­ша, бағаны бұлайша қолдан көтеру келісілген параны өтеу үшін қолданылуы мүмкін.

«Өткен жылы бағаны асырып көрсетудің шығындары 40 млрд болса, биыл жарты жылдың өзін­де 36 млрд теңгенің алшақтығы анықталып отыр. Іс жүзінде бұл проблемалық сигнал. Бағаны көтеру – пара алу және қайтару­дың алғашқы қадамы», – деді Марат Ахметжанов.

М.ҚАЙРАТ