Жалған вакцинация паспортын сатқан емхана меңгерушісі мен қызметкерлері ұсталды
Жалған вакцинация паспортын сатқан емхана меңгерушісі мен қызметкерлері ұсталды
Фото: baigenews.kz
267
оқылды

Павлодар облыстық полиция департаментінің қызметкерлері ҚР ҰҚК Павлодар облысы бойынша департамент қызметкерлерімен бірлесіп, жедел іздестіру шарасын өткізді.

Вакцина төлқұжатын қолдан жасады деген күдікке ілінген медицина қызметкерлері ұсталды. Емхананың меңгерушісі, дәрігер және екі мейірбике адамдарды белгілі бір сомаға вакцина алғандар туралы мәліметтер базасына тіркеді деген күдікке ілінді. Тергеу барысында медицина қызметкерлері вакциналау туралы 200-ден астам жалған төлқұжат толтырғаны анықталды. Оқиғаның мән-жайы тергеуден соң белгілі болады.

Бұған дейін вакцинация паспортын сатып алған тұрғынның жансақтау бөлімінде жатқанын жазған болатынбыз.