Ертең Ақмола облысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдайды.
Атырау облысында 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді.
Күндіз Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, түнде кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні кей жерлерде 15-20 м/с деп болжанады.
Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.
16-17 шілде Алматы облысында да оның ішінде Іле Алатауы, Жетісу Алатауында өткінші жаңбыр, 16 шілде тәулік бойы жаңбыр, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Өткінші жаңбыр жауады.