Қазақстан Pfizer компаниясымен вакцинаны жеткізуге келісті
Қазақстан Pfizer компаниясымен вакцинаны жеткізуге келісті
Фото: exclusive.kz
287
оқылды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer компаниясымен вакцинаны биыл 4-тоқсанда Қазақстанға жеткізуге алдын ала келісімге қол жеткізілгенін хабарлады. «2021 жылғы наурыздан бастап Pfizer компаниясының өкілдерімен СOVID-19 коронавирусқа қарсы вакцинаны жеткізу мүмкіндігі туралы келіссөз рәсімдері басталды. Министрлік пен Pfizer компаниясының арасындағы өзара іс-қимыл шеңберінде құпиялылық туралы келісімге қол қойылды», – деді министрлік өкілі. Министрлік мәміленің негізгі шарттары туралы келісімдердің талаптарын оңтайландыру бойынша Pfizer компаниясымен тұрақты негізде келіссөздер жүргізді. Үкімет деңгейінде кеңес өткізді.

Бұған дейін Pfizer вакцинасын салдырған 23 адам қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.