Алматыда карантин туралы жаңа қаулы: қалаға қой әкелуге тыйым салынды
Алматыда карантин туралы жаңа қаулы: қалаға қой әкелуге тыйым салынды
Фото: Zakon.kz
256
оқылды
Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды. Қаулыда Алматыда коронавирус инфекциясының күрт өсуіне байланысты, меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке үй шаруашылықтары мен мешіттерде адамдардың жаппай жиналуы сипатында іс-шаралар өткізуге ( оның ішінде айт намазына) тыйым салуды тапсырған.
Сонымен қатар, қала аумағында 19-22 шілде аралығында орталық мешітте айқындалған онлайн режимде құрбандық шалуды жүзеге асыратындарды қоспағанда, Алматы қаласы аумағында мал сою цехтері мен базарлар жұмысына, мал союға тыйым салынғаны айтылады. Қаулыда 16 шілде мен 22 шілде аралығында Алматыға кіреберісте қала аумағына жануарларды әкелуге жол бермеу және жолын кесу жөніндегі бекеттер ұйымдастырылатыны айтылған. Алайда бұл тыйым онлайн режимде құрбандық шалуға қатысты емес. Халыққа Құрбан айт мерекесін ұйымдастыру мәселелерін түсіндіру бойынша call-орталықтың жұмысын ұйымдастырылады.