Ақтауда қолына тапанша ұстап, көше кезген әйел елді дүрліктірді
Ақтауда қолына тапанша ұстап, көше кезген әйел елді дүрліктірді
225
оқылды

Әуесқой түсірілім әлеуметтік желіде тарады. Күдіктіні полиция ұстады. Әйелдің тұрақты мекенжайы жоқ. Қолына ұстап жүргені ойыншық қару болып шықты. Түсіндіру жұмыстарынан кейін ол еркіне жіберілді.

Полицияға бұл бойынша ешқандай арыз-шағым түскен жоқ. ҚР әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодексінің 449-бабы бойынша хаттама жасақталып, профилактикалық әңгіме жүргізілді, - ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі басшысының орынбасары Айғаным Рахметова. 

Ақтауда ойыншық тапаншамен елді қорқытқан әйел жауапқа тартылды