Сондықтан аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 18 және 20 шілдеде демалады (17 және 19 шілде – жұмыс күні). Ал аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 17, 18 және 20 шілде күні демалады.
Биыл эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты «қызыл» аймақтағы өңірлерде Құрбан айт онлайн форматта өтеді.
Сондай-ақ тұрғындар www.qurban2021.kz сайты арқылы онлайн режимде құрбандық шала алады.
Біз бұған дейін Құрбан айт намазы 10 минут оқылатынын хабарлаған болатынбыз.