Алматы облысында жыл басынан бері жол апатынан 176 адам көз жұмған
Алматы облысында жыл басынан бері жол апатынан 176 адам көз жұмған
237
оқылды
Алматы облысында алты айда 176 адам жол апатынан көз жұмған, — деп хабарлайды Polisia.kz. Алматы облысының полиция қызметкерлері «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасының аясында халыққа әлеуметтік желі мен БАҚ арқылы ақпарат таратып, жолда абай болу керек екенін ескертіп отыр. Құқық қорғаушылардың айтуынша, бұл өңір жолдарындағы тәртіпті жақсартып, жол апатының санын азайтады.
«Шара барысында апатқа алып келетін жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу фактілерін анықтау мақсатында рейд өткізіп жатырмыз. Сондай-ақ, полицейлер түсіндіру жұмысын қолға алып, көлік иелері мен жаяу жүргіншілерге жол ережесін сақтаудың маңызы жайлы брошюра таратып жүр», — деп атап өтті Алматы облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Айдос Жүнісов.
Ресми мәліметке сүйенсек, жыл басынан бері облыс жолдарында 1056 жол апаты болған. Онда 176 адам қаза тауып, 1598 жолаушы мен жүргізуші жарақат алды.   [caption id="attachment_151655" align="alignnone" width="892"] width= Фото: Polisia.kz[/caption]