Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Короліне көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Короліне көңіл айту жеделхатын жолдады
210
оқылды

Мемлекет басшысы «Бернд» циклонынан туындаған толассыз жаңбыр мен су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Осындай ауыр сәтте жақындарынан айырылған азалы отбасылардың орны толмас қайғыларына ортақтаса отырып, Сізге және бүкіл бельгиялықтарға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Табиғи апаттан жараланғандардың тез арада сауығып кетуіне және із-түссіз жоғалғандардың аман-есен отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.