Мәжіліс депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Мұхтар Ерман Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриалды аймағын аралап көріп, ондағы өндіріс орындарының жұмысымен танысты.
«Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының 2021 – 2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында кәсіпкерлікті дамыту бағытында нақты іс-шаралар қарастырылған. Осы бағдарламаның орындалу барысы мен кездесіп жатқан кедергілерді азайту кәсіпкерлер мен депутаттың арасындағы әңгіме өзегі болды. «Тассай» индустриалды аймағы 89 гектар жерді алып жатыр. Мемлекет тарапынан бөлінген 1,06 миллиард теңгеге жеке компаниялар 45,5 миллиард теңге инвестиция алып келген. Қазір мұнда 27 ,04 миллиард теңгеге 17 жоба іске асты. Ол кәсіпорындар жұмыс істеп тұр, өнім шығарып жатыр. Тағы 16 кәсіпорынның құрылысы жүріп жатыр. Біразы жақын арада іске қосылмақшы. Оларға жұмсалған қаржы – 11,7 миллиард теңге. Мұндағы шығарылатын өнімнің басым бөлігі шетелге сатылады. Елімізге валюта алып келіп жатыр. Індеттің экономикаға әсері тиіпті. Шетелдіктерден түсетін тапсырыс азайған. Дегенмен өндірісті басқа бағытқа бұрып, жұмыс үш ауысымда ұйымдастырылған. Кәсіпорын басшысы зауыттың іргесіндегі жерге жұмысшылар үшін тұрғын үй салуға айналадағы көршілерімен келісе алмай отырғанын айтты. Өз кезегінде халық қалаулысы Мұхтар Ерман трансформатор шығаратын зауыттың ішін аралап, жұмыс барысымен танысып, қызмет сапасына оң бағасын берді.Әбілмансұр ЖАСАН