«Қазгидрометтің» мәліметінше, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Тек еліміздің оңтүстігі мен батысында күн райы ашық болады.
Кей өңірде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, солтүстікте және солтүстік-батыста түнде және таңға жақын тұман түсуі мүмкін.
Ақмола облысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз кей жерлерде бұршақ жауады.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл соғады.
Түркістан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай кезінде жел 18 м/с дейін соғады, түнде кей жерлерде тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.
Күндіз Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде ыстық болады, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық болуы мүмкін.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.